preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды.

«Біз өткенде арнайы тұғырнаманы бекіттік. Сіздер әртүрлі ортада жүресіздер. Жамағатпен жиі кездесесіздер. Міне, бұл құжатта адамдармен қарым-қатынас жасағанда көркем мінезбен жауап беру, әдепке сай киіну, адамның абыройына нұқсан келетін дүниеден аулақ болу, әлеуметтік желілерде әдеп сақтау сынды мәселелер қамтылды. Одан бөлек Діни қызмет туралы заңды басшылыққа ала отырып, ҚМДБ Жарғысы мен қызметтік этиканы сақтау, ҚМДБ бекіткен пәтуаны басшылыққа алу, аудиторияға сай сөйлеу, ақида мәселесінде абай болу, жамағатпен талас-тартысқа бармау сынды мәселелер құжатта қарастырылды. Сондықтан тұғырнаманы әркез басшылыққа алуларыңызды сұраймын» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде талқыланып, бекітілген болатын.