preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы басылымдарды мерейтойымен құттықтады

ҚМДБ Төрағасы басылымдарды мерейтойымен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Түркістан», «Айқын», «Литер» газеттерінің ұжымын мерейтойымен құттықтады.

«Жуырда «Түркістан» халықаралық газеті – 30, «Айқын» мен «Литер» газеттері 20 жылдық белесін еңсерді. Редакциялар ұжымын шын жүректен құттықтаймын. Аталған басылымдар ақпарат айдынындағы орнын айшықтап, сара жолы мен өзіндік бағыт-бағдарын қалыптастырып еліміздегі беделді басылымға айналды. Бүгінде «Түркістан», «Айқын» және «Литер» газеттері егемен еліміздің баянды бастамаларын үзбей насихаттаумен қатар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, халқымыздың бірлік-ынтымағын нығайтуға атсалысып келеді. Жақсы жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан басылымдардың оқырманы көп болуын тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасы «Түркістан», «Айқын» және «Литер» газеттерінің редакцияларын аралап, сый-сияпат ұсынып, журналистерге шығармашылық табыс тіледі.