preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ төрағасы «Izgi qogam» студиясымен танысты

ҚМДБ төрағасы «Izgi qogam» студиясымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына сапарында «Орбита-3» мешіті жанынан ашылған «Izgi qogam» студиясымен танысты.

Жаңа студияның жұмыс барысын мешіттің бас имамы Дастан Құрманбаев таныстырды. Студияда имам-ұстаздардың дәрістері, дін қызметкерлерінің қатысуымен өтетін подкаст-сұхбаттар және басқа да жобалар түсіріледі деп жоспарланған. Бас мүфти студия жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді.