preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ төрағасы Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

ҚМДБ төрағасы Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжан Республикасына барған сапарында Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Саламмен кездесті.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты арттырудың маңызы сөз болды. Басқосу барысында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдар кеңесі – бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту мақсатымен құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым. Кеңестің филиалдары бұған дейін Швейцария, Мысыр, Марокко және Қазақстанда ашылған.