preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ: Жаңа бөлімдер ашылып, басшылары тағайындалды

ҚМДБ: Жаңа бөлімдер ашылып, басшылары тағайындалды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңадан ашылған бөлімдердің меңгерушілерін таныстырды.

«Өздеріңізге белгілі, көптен бері баршаңызға Діни басқармадан қажеттілікке қарай жаңа бөлімдер ашу туралы ақпарат берген болатынмын. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, дін мен дәстүр бағытында ауқымды іс-шаралар өткізуге байланысты «Дін мен дәстүр» бөлімін, шет елдегі діни бірлестіктермен байланыс орнату, еліміздегі елшіліктермен байланыс орнату, ҚМДБ делегациясының халықаралық шараларға қатысуын ұйымдастыру қажеттілігіне орай «Халықаралық байланыс және хаттама» бөлімін, Орталық аппаратта жеке дара жұмыс істеп келген кеңсе және кадр бөлімін біріктіріп, «Құжаттамалық қамтамасыз ету» бөлімін, сондай-ақ Діни басқарманың цифрландыру бағытында ауқымды жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Цифрлық даму» бөлімін ашып отырмыз» деді ҚМДБ Төрағасы.

Осылайша Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Нұрбек Есмағанбет Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, Дін мен дәстүр бөліміне, Астана қалалық «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы Марат Бектазинов Халықаралық байланыс және хаттама бөліміне, Кадр бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған Берікбол Жанақов Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне және осы уақытқа дейін Аппарат басшысының көмекшісі қызметін атқарған жас маман Тимур Орынханов Цифрлық даму бөліміне меңгеруші болып тағайындалды.