preloader

Жаңалықтар

«Қолдан қолға» жобасы: 30 студентке бір реттік шәкіртақы берілді

«Қолдан қолға» жобасы: 30 студентке бір реттік шәкіртақы берілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен, Іле ауданы дін қызметкерлері және жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Үш қоңыр» медресе-колледжінің бірқатар студенттеріне шәкіртақы берілді.

«Қолдан қолға» қайырымдылық жобасы аясында жомарт жандардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан шара барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы және Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы білім ордасының 30 студентіне 10 000 тг-ден бір реттік шәкіртақы ретінде қаржылай көмекті үлестіріп берді.