«Қолдан қолға» жобасы: 5 отбасыға қаржылай көмек берілді
Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Ізгі шара барысында облыс бас имамы әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға 100.000 теңгеден жалпы көлемі 500 000 теңгенің қаржылай сертификаттарды табыс етті.
Шариғатымызға сай зекетін шығарған жомарт азаматқа Алла разы болып, кәсібіне береке берсін. Әмин!