preloader

Жаңалықтар

«Қолдан қолға» жобасы: Ардагер ағамыздың еміне көмек берілді

«Қолдан қолға» жобасы: Ардагер ағамыздың еміне көмек берілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Қолдан қолға» қайырымдылық жобасы аясында Ауған соғысының ардагері Әбілхан есімді ағамыздың еміне қаржылай көмек көрсетілді.

Қайырымды жандардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасына орай «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы Әбілхан ағамызға 150.000 тг табыстап, дертіне шипа тіледі.