preloader

Жаңалықтар

Қонаев халқы қалалық зиратта тазалық жұмысын жүргізді

Қонаев халқы қалалық зиратта тазалық жұмысын жүргізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өткенге құрмет – тіріге міндет» бастамасына орай Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешіті және Қонаев қаласы әкімдігі жергілікті зиратта тазалық жұмысын ұйымдастырды.

Игі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының облысымыздағы филиалының директоры Аликен Жұмағалиұлы, жергілікті әкімшілік қызметкерлері, дін қызметкерлері, еріктілер және мешіт жамағаты қатысып, қалалық қорымның аумағын түрлі қоқыстан тазартты.

Мадияр қажы Тағайбайұлы осы шараға атсалысқан барша азаматтарға алғыс айта отырып:

«Марқұмдарға құрмет көрсету баршамыздың міндетіміз. Алдағы уақытта да зираттардың аумағын таза ұстайық», деген ұсынысын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының зираттарында тазалық жұмыстары жүргізілген болатын.