Қонаев қаласында 50 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық пен жанашырлықтың маңызы арта түсетіні белгілі. Осы орайда Алматы облысы өкілдігі мен Зекет және қайырымдылық қорының бірлесе ұйымдастыруымен Қонаев қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Бұл бастама Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайтуды мақсат етеді.
Шара барысында ұйымдастырушылар қасиетті айда мұндай қайырымдылық істері мұсылман қауымын жақсылыққа, бірлік пен бауырмалдыққа үндейтінін атап өтті. Сондай-ақ көмек алған отбасыларға ізгі тілектер білдіріліп, Рамазан айының берекесі мен сауабы мол болуына дұға жасалды.



