Қонаев қаласында «Адал ас – жан азығы» тақырыбында семинар өтті
Қонаев қаласының қыз-келіншектер жамағаты үшін «Адал ас – жан азығы» атты тағылымды семинар ұйымдастырылды. Іс-шарада халал және харам ас түрлері, сондай-ақ тұрмыста жиі қолданылатын тазалық құралдарының құрамы жайлы маңызды тақырыптарды қамтыды.
Семинарға ҚМДБ-ның білікті технолог мамандары Әселхан Сабитқызы мен Жансая Шалқарқызы арнайы шақырылып, қатысушыларға халал өнімдерді ажырату жолдары, құрамындағы қоспалар мен олардың шариғаттағы үкімі жөнінде кеңінен түсіндірме берді.
Бұл жиын әйел жамағатының діни сауатын арттыруға, күнделікті тұрмыста адал өнімдерді таңдауға және отбасында халал өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.



