Қонаевта ТЖД қызметкерлерімен лудомания мен суицидтің алдын алу тақырыбында кездесу өтті
Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы Қонаев қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, қоғамда өзекті болып отырған лудомания мен суицид мәселелері төңірегінде тағылымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам құмар ойындарға тәуелділіктің адам өміріне, отбасы тыныштығына және қоғам тұрақтылығына тигізер зиянына кеңінен тоқталды. Лудоманияның адамды рухани және материалдық тұрғыдан күйзеліске ұшырататынын атап өтіп, мұндай әдеттен сақтанудың маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар, суицидтің Ислам дініндегі орны, оның ауыр күнә екендігі және кез келген қиындыққа сабырмен қарап, үмітті жоғалтпау керектігі жөнінде жан-жақты түсіндірілді.



