preloader

Жаңалықтар

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Қонаев қаласының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қаладағы жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагері Оксана Демидовна Битебаеваны арнайы құттықтады.

Соғыс жылдары мейірбике болып, мыңдаған сарбаздың өміріне араша түскен Оксана апайдың кеудесінде ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені мен Жуков медалі жарқырайды. Майданда алған жарақатынан емделіп жүрген болашақ жары Бекежан Бетебаевпен ауруханада танысып, соғыстан кейін екеуі бірге Қазақстанға оралады.

Қазіргі таңда ардагер Қонаев қаласында тұрады. Елге сіңірген еңбегі мен ерлігі үшін Оксана Битебаеваға құрмет көрсетіліп келеді.