preloader

Жаңалықтар

«Қош келдің, Рамазан» атты рухани кеш өтті

«Қош келдің, Рамазан» атты рухани кеш өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті Рамазан айына орай Алматы облысына қарасты Талғар қалалық «Биеке батыр» мешітінде «Қош келдің, Рамазан» атты рухани кеш ұйымдастырылды.

Рухани кеш аясында жарапазан жыры айтылып, кішкентай бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, салт-дәстүіріміз дәріптелді.

Осыдан кейін Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, насихат айтты.

Құптан намазының алдында да облыс бас имамы Құранның сүресін тәпсірлеп, мән-мағынасын мешітке келген жамағатқа түсіндіріп берді.