ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ЗАРДАБЫ
11.04.2025 күні Алматы облысы Қонаев қаласы “ Қапшағай” орталық мешітінде “Құмар ойының зардабы” тақырыбында конференция өтті. Оған арнайы білікті ұстаздар шақыртылды. Астана қаласынан ҚМДБ әйел- қыздар меңгерушісі Нургалиева Динара Құтқожақызы келді. Алматы қаласынан Гүлмира Ілесбаева Алматы қаласы бойынша әйел- қыздар жетекшісі және Жаналиева Назерке Әкішқызы Алматы облысы әйел-қыздар сектор жетекшісі. Келген қонақтарды жамағатпен таңыстыру және конференция барысы қалай өтетінің Қонаев қаласының орталық мешіт ұстазы Ахмадиева Гульмира Рымханқызы таңыстырып өтті.
Конференция Құранмен ашылды. Алғашқы сөз кезегі Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлына берілді . Құмар ойынның зардабы жайында Құранда айтылған аяттар мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисіне тоқталды. Келесі сөз кезегі Астана қаласының ҚМДБ әйел- қыздар меңгерушісі Динар ұстаз Құмар ойынның зардабы мен одан құтыру жолын ашып айтып берді. Астана қаласы мен Қонаев қаласы жамағаты зум арқылы байланыста болды. Астана қаласынан зум арқылы байланысқа ҚМДБ ұстазы, Астана қаласының Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы, Астана қаласа бойынша әйел- қыздар сектор жетекшісі Бекет Кулсара ұстазымыз да “ құмар ойынның зардабы” жайында сөз қозғады.
Алматыдан келген ҚМДБ ұстазы, Алматы қаласы бойынша әйел- қыздар жетекшісі Гүлмира Ілесбаева құмар ойынға қандай адамдар түсіп кететінің , ол тығырықтан қалай құтылуға болатыны жайында тоқталып өтті. Назерке Әкішқызы ҚМДБ ұстазы Алматы облысы әйел- қыздар сектор жетекшісі, психолог. Назерке ұстазымыз құмар ойынның зардабы және психологиялық жағына қамтып айтып өтті. Қонаев қаласының әжелер алқасы Дәметкен апамыз келген қонақтар мен жамағатқа батасын беріп, сөз сөйледі. Конференциямыздың тақырыбы толық ашылды. Конференция соңында Қонаев қаласы орталық “ Қапшағай “ мешітінің Брайл ұстазы Хумарбек Айнұр зағип жандармен жұмысын таңыстырды.