preloader

Жаңалықтар

ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

ҚМДБ діни сараптама бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Нұрлан Евфратұлы Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінде Құран хатым дұғасын жасады. 

Адамзат баласына ақ пен қараны айырушы ретінде түсірілген Құран кәрімде «мың айдан да қайырлы» деп мадақталған қасиетті Қадір түні ҚМДБ діни сараптама бөлімінің меңгерушісі мешітке жианлаған 1000-ға жуық жамағат алдында Құран хатым дұғасын жасады. Тарауих намазынан соң жасаған дұғасында әрбір отбасының амандығын, еліміздің тыныштығын, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуін, қасиетті айда дұға тілектердің қабыл болуын сұрады.