preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Құран – мәңгі мұғжиза» сайысы өтті

Іле ауданы: «Құран – мәңгі мұғжиза» сайысы өтті

Алматы облысы Іле ауданына қарасты «Арын қажы» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында «Құран – мәңгі мұғжиза» атты сайыс ұйымдастырылды.

«Діни танымдық викториналық сұрақтар» кітабы бойынша өткен шараға 42 үміткер қатысып, 2 кезеңнен тұратын сайыста өзара білімдерін сынады.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынға Қаптағаева Мақпал лайық деп танылса, ІІ орынға Сәндібек Динара, ал ІІІ орынға Фатима Нұртуғанқызы ие болды. Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 100.000, 70.000 және 50.000 теңгеден берілді.

Сайыс барысында жақсы көрсеткіш көрсетіп, белсенділік танытқан Сайназарова Шолпан, Асқарова Зебузар, Нұрбекова Алмагүл, Ержан Айым, Құрманғали Фирдаус сияқты қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Сондай-ақ, Құранға түскен кезекті топқа сертификаттар және Құран Кәрім тарту етілді.