preloader

Жаңалықтар

«Құран – нұрдан тәж» атты рухани шара өтті

«Құран – нұрдан тәж» атты рухани шара өтті

Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде «Құран – нұрдан тәж» атты рухани шара ұйымдастырылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағанұлының сәлемі мен жылы лебізін облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы жеткізгеннен кейін, Ахмадиева Гүлмира және Айнұр Хұмарбекқызы ұстаздардың жетекшілік етуімен зағип шәкірттердің Құранға түсуі өтті.

Шараның қонақтары Алматы облысы «Әжелер мектебінің» төрайымы Мүнәйім Арынқызы және өңіріміз бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы жиналған көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, Құранның құндылығы жайлы насихат айтты.

Рухани шара соңында шәкірттерге Құран Кәрім және сертификаттар табыс етілді.