«Құран үйретудің тәсілдері» тақырыбында семинар өтті
ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде өңіріміздің әйел ұстаздарына арналған «Құран үйретудің тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.
Малайзия Ислам университетінің түлегі, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты, Жанат Алдияр ұстаз жергілікті ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында оларды жеке-жеке оқытып, Құран оқудың тәсілдерін үйретті.
Семинарға қатысушылар тақырыпты талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Танымдық шара соңында арнайы дастархан жайылып, барлық ұстаздарға сыйлықтар табысталды.