ҚҰРАННАН КУРС ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ҚМДБ-ның төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025-жылғы бағдарлық баяндамасына сәйкес имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында курстар ұйымдастыру тапсырылған болатын. Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ұйымдастыруымен «Арын қажы» мешітінің ұстазы қари Хусниддин Акбарұлы Кеген ауданының бас имамы Әзім Сатыбалдыұлы және Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлының қатысуымен ауыл имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында құраннан курс жүргізілуде.