preloader

Жаңалықтар

«ҚҰРАНЫМ АСЫЛ ТӘЖІМ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

«ҚҰРАНЫМ АСЫЛ ТӘЖІМ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Алматы облысы, Талғар ауданы бойынша «Әйелдер – қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Құраным асыл тәжім» атты рухани – танымдық шара өтті.

Кеш ашылуы аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық » мешітінің ақсақалдар төрағасы Жүрсін атамыздың батасымен басталды. Қасиетті Құран оқылды. Шараның мақсаты- қасиетті Құранды дәріптеп, оны жаттаудағы сауапты насихаттап, шәкірттерді ынталандыру. Шараға қатысқан аудан имамы Ерқанат Серікұлы рухани кештің маңыздылығын және ауданымыздағы шәкірттердің талабы мен саны өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ шара қонақтары Алматы облысының әйелдер-қыздар секторының басшысы Әкішқызы Незерке, “Рухани ана”, ғалым, ұлт анасы қоғамдық қорының төрайымы, құрылтайшысы, дінтанушысы, Құлай Жарболқызы, қари ұстаз, спикер Хадиша Асанбайқызы өз ризашылықтарын білдіріп,
ғибратты насихаттарын жеткізді. Сектор жауаптысы, ұстаз Серғазы Жаннаның атсалысуымен өткен шара көпшілік көңілінен шықты.
Аудандағы мешіттер жанындағы»Діни сауат ашу» курсынан тәлім алған 160 шәкіртке тәж кигізіп, марапаттау шарасы ұйымдастырылды.