preloader

Жаңалықтар

Ұйғыр ауданы: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Ұйғыр ауданы: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мейрамына орай Ұйғыр аудандық мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды.

Аудан бас имамы Ануархан Ғазизұлы жергілікті дін қызметкерлеріне Құрбан айт күндері тәртіпке барынша мән беруге, құрбан шалуға қатысты тиісті ақпараттарды халыққа алдын-ала жеткізуді және осы күндері орын алатын жоспарға сәйкес тыңғылықты жұмыс атқаруды тапсырды.