ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ: ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП БАСТЫ НАЗАРДА
Құрбан айт мерекесі қарсаңында Балқаш аудандық орталық “Оспанқожа ата” мешітінің қызметкерлері жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесе отырып, құрбан шалынатын орындарды мұқият дайындап, санитарлық және ветеринарлық талаптарға сай тексеру жұмыстарын жүргізді. Қасиетті мерекенің жоғары деңгейде өтуі үшін діни рәсімдердің тәртіппен орындалуын қадағалап, тазалық пен тәртіпке ерекше көңіл бөлді.



