preloader

Жаңалықтар

Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен келе жатқан Құрбан айт мейрамы туралы халықтың сұрақтарына жауап беру мақсатында Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде арнайы брифинг ұйымдастырылды.

Брифингке Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Алматы облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асхат Мауленұлы, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қонаев қаласының аумақтық инспекциясы ММ-нің басшысы Мұрат Сайлаубайұлы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Мадияр Тағайбайұлы айт намазының жергілікті мешіттерде 28 шілде таңғы сағат 6:10-да оқылатынын айтып өтіп, құрбандық шалуға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді. Бұдан бөлек облыс бас имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан құрылған Qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беру жолдарын түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде Асхат Мауленұлы және Мұрат Сайлаубайұлы құрбандыққа сойылатын малдың ветеринарлық анықтамасының және өзге де құжатының толық болуы туралы сөз қозғап, қойылған сауалдарға жауап қайтарды.