preloader

Жаңалықтар

Құрбан айтқа қатысты сұрақтарға жауап берді

Құрбан айтқа қатысты сұрақтарға жауап берді

Мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі Құрбан айтқа орай көпшіліктің сұрақтарына жауап беру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстаздары тікелей эфир өткізді.

Діни басқарманың Instagram-дағы ресми парақшасы және YouTube-арнасы арқылы өткен онлайн бағдарламаға наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы қатысты. Тікелей эфир барысында ұлық мерекеге орай насихат айтылып, айт намазы, құрбан шалу тақырыбында түрлі сауалдардың жауабы берілді. Сондай-ақ «Qurban 2023» қайырымдылық жобасы туралы тілге тиек етіліп, эфир барысында qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беру жолдары түсіндірілді.

Тікелей эфирде өткен бағдарламаны «Munara TV» директоры Еркін Шәкірұлы жүргізді.