Қырғауылдыда практикалық семинар өтті
Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылындағы Халифа қажы Алтай мешітінде кебіндеуге қатысты практикалық семинар өтті.
Өмір бар жерде өлім бар. Сондықтан әр мұсылман үшін мәйітті соңғы сапарға шығарып салу рәсімдерін білу – маңызды ілімнің бірі. Семинар барысында кебіндеудің тәртібі мен практикалық қырлары жан-жақты көрсетіліп, қатысушылар өз білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырды. Ілімнің тек теориямен шектелмей, тәжірибемен ұштасуы – үлкен маңызға ие. Семинарды ұйымдастырушы – ұстаз Таласова Назерке.
Ілім жолында еңбек етіп, осындай пайдалы шараларға атсалысып жүрген барша ұстаздарымызға Алла разы болсын!


