preloader

Жаңалықтар

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты рухани-танымдық кеш өтті

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты рухани-танымдық кеш өтті

Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызының ұйымдастыруымен және “Ag Nisa” даму орталығының шәкірттерінің қатысуымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты рухани-танымдық кеш өтті.

Кешке Алматы облысының ұстаздары мен ардақты аналары, сондай-ақ шәкірттердің аналары арнайы қатысып, тағылымды басқосуға куә болды.

Шараның басты мақсаты – қыз тәрбиесінің қоғамдағы маңызын түсіндіру. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» қағидасына сай, бүгінгі тәрбиелі қыз – ертеңгі мейірімді ана, ал ана – тұтас ұлттың тәрбиешісі екені кеңінен насихатталды. Қыз балаға дұрыс тәрбие беру арқылы болашақта саналы, иманды ұрпақ қалыптасып, қоғамның түзелуіне негіз болатыны айтылды. Кешті Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Пірімқұлов құттықтау сөзімен ашып, қыз тәрбиесінің рухани және ұлттық құндылықтармен тығыз байланысы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар шараға Алматы қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Лесбайқызы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстаздары Жадыра Сариева мен Айша Кеңесбай арнайы қонақ ретінде қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Кештің негізгі спикері – Алматы қаласындағы «Иманигүл» орталығының директоры, әйел-қыздарға тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстаз Жұмагүл Абдурахманова болды. Ол қыз тәрбиесінің маңызы, имандылық пен көркем мінездің қоғамдағы рөлі жөнінде мазмұнды насихат айтты. Шара барысында Қарасай ауданы, Кемертоған ауылдық мешітінің ұстазы Жайнагүл Ғажап Құран аяттарын оқып, кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті. Кеш соңында қасиетті Рамазан айының құрметіне дастархан жайылып, Құран хатымының дұғасы жасалды.