ҚЫЗДАР БӨЛІМІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы “ҮШҚОҢЫР МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ” қыздар бөліміндегі шәкірттерге ауызашар дастарханы жайылды.
Қасиетті Рамазан айында мол сауапқа ие болатын амалдың бірі, ораза ұстаушыға ауыз аштырып ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болу. Алматы облыстық Қапшағай мешітінің наиб имамы, Алматы облысы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының жауыпты өкілі Қаби Ринат және Қарасай аудандық “Түркістан-1” мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлының ұйымдастыруымен Үшқоңыр медресе-колледжі қыздар бөліміндегі шәкірттерге арнайы ауызашар берілді. Ауызашарға арнайы келген мешіт имамдарына Үшқоңыр медресе-колледжі директоры Тәттібаев Мәди медресе және қыз шәкірттер атынан сондай-ақ, Алматы облысы бойынша бас имамы Мадияр Тағайбайұлына медресеге қолдау көрсеткені үшін рахметін айтып, алғысын білдірді.