preloader

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛ-ҚАЙРАТ АУЫЛЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛ-ҚАЙРАТ АУЫЛЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Қызыл-Қайрат ауылында жастар арасында дәстүрлі футбол турнирі ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және ауызбіршілік пен достық қарым-қатынасты нығайту. Турнирге қатысқан ауыл жастары бірнеше топқа бөлініп, өз командаларын құрып, өзара бақ сынасты.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – «Құрдастар» командасы;
🥈 ІІ орын – «Жамағат» командасы;
🥉 ІІІ орын – «Ағайын» командасы иеленді.

Сондай-ақ турнир барысында үздік ойын көрсеткен қатысушылар арнайы аталымдармен марапатталды. Атап айтқанда, «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік қақпашы» және «Ең үздік ойыншы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Жүлдегер командаларға ұйымдастырушылар тарапынан:

* І орынға – 40 000 теңге;
* ІІ орынға – 25 000 теңге;
* ІІІ орынға – 15 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді.

Жастардың басын қосқан игі шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылар мұндай спорттық іс-шаралардың жастардың ынтымағын арттырып, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына оң әсер ететінін атап өтті.