preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданы: 20 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды

Райымбек ауданы: 20 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Рамазан қоржыны» атты ізгі шараға Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.