preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданы: Ерекше балалар орталығына көмек көрсетілді

Райымбек ауданы: Ерекше балалар орталығына көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Алматы облысына қарасты Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешіті жергілікті Ерекше балалар орталығына көмек көрсетті.

«Зекет және қайырымдылық» қорының «Ерекше балаларға көмек көрсету» жобасы аясында жүзеге асқан шара барысында аудан бас имамы Азамат Бексұлтанұлы бастаған дін қызметкерлері орталықтың қажеттілігі үшін 2 кілем және 70.000 теңге көлемінде азық-түлік ретінде қайырымдылық жасады.

Осы игі шараға үлес қосқан әрбір жомарт жанға Алла Тағала разы болсын. Әмин!