preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданы: Ерекше жандарға арналған «Имандылық дәрісі» өтті

Райымбек ауданы: Ерекше жандарға арналған «Имандылық дәрісі» өтті

ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша Алматы облысына қарасты Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде ерекше жандарға арналған «Имандылық дәрісі» ұйымдастырылды.

Шара барысында аудан бас имамы Азамат Бексұлтанұлы жиналған көпшілікке Ислам дінінің құндылықтары туралы ақпарат берді. Бұдан бөлек Құран аяттары оқылып, әр қатысушыға кітап сыйға берілді.