РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ҚМДБ ның “Ислам және отбасы құндылығы” жылының аясында Райымбек аудандық “Әбдіғали Жетенұлы”мешітінде Райымбек ауданының имамдарына ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы “Қажылық және ұмра”тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Райымбеке ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы аудан имамдарына ҚМДБ-ға қарасты “Тауаф Тревел” компаниясының жұмысын таныстырып, мешіт жамағатына насихаттау жүргізу мәселелері бойынша тапсырмалар берді.
Биылғы 2025 жылғы қажылыққа апаратын тексерістен өткен лицензиясы бар 15-туроператордың тізімі жазылған парақшалар мен ұмраға қатысты ескерту парақшаларын аудан тарапынан қарастырып, мешіттерге ақпарат тақтайшаларын іліп қою тапсырылды. ҚМДБ рұқсатын алмаған туроператорлардың бар екенің ескертіп, сақ болуға шақырды. Имамдар қажылыққа қатысты сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер талқыланды.