preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданы: Құран курсының ұстаздары имамдармен кездесті

Райымбек ауданы: Құран курсының ұстаздары имамдармен кездесті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Құран курсының ұстаздары Райымбек ауданының дін қызметкерлері үшін дәріс жүргізді.

Шараның басында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Бектұр қари мен Өркен қари сияқты білікті мамандар жергілікті имамдармен кездесіп, онлайн және офлайн форматта жүріп жатқан 2 айлық Құран курсының кезекті сабағын өткізді.

Діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.