РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «ТАЗА МЕШІТ» СЕНБІЛІК ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Райымбек ауданы бойынша “Таза мешіт” сенбілік эстафетасы басталды.
Алла үйі мешіттерге тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулалардан қоқыстар тазартылмақ. Сонымен қатар жамағат жайлылығына қажетті мешіт ішінде де тазалық жұмыстары атқарылуда. Дәретханалар тазартылып, мешіттің бау-бақшасын жасылдандыру жұмыстары іске асуда. Әр мешіттерде осындай сенбілік жұмыстарын атқаруға шақырамыз.