РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА ӘСКЕРИЛЕРМЕН РУХАНИ ТӘРБИЕ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясындағы «Ихсан және насихат» бағыты бойынша 2025 жылдың 8 қазан күні Алматы облысы, Райымбек аудандық шекара қызметкерлері мен сарбаздарына арналған дөңгелек үстел өтті.
Шараны Райымбек ауданының бас имамы Бухарбеков Азамат Бексұлтанұлы жүргізіп, «Өмірдің қадірі және рухани тұрақтылық» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Имам жастардың рухани иммунитетін нығайту, сабыр мен жауапкершілік ұстанымдарын бойға сіңіру жайында ой қозғады.
Кездесу барысында сарбаздар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Шекара қызметінің басшылығы аудан имамына алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің тәрбиелік және рухани маңызы жоғары екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға игі әсер қалдырды.



