Райымбек ауданында «Дархан дала» жобасы аясында имамдармен кездесу өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы және ауданға қарасты ауыл имамдары «Дархан дала» жобасы негізінде Райымбек аудандық кітапханасында кездесу өткізді.
Кездесу барысында кітапхана ұжымы қордағы діни еңбектерден көрме ұйымдастырып, имамдарға кітаптарды таныстырды. Сонымен қатар, Алматы облысының өкіл имамына шалғай өңірге арнайы атбасын бұрып келгені үшін алғыстарын білдірді.
Өз сөзінде Мадияр қажы Тағайбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған «Бір айда бір кітап оқу» жобасын таныстырып өтті. Оның айтуынша, жоба аясында облысқа қарасты барлық аудан имамдары мен жамағат арасында кітап оқуды насихаттау бағытында түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Жиын соңында Алматы облысының бас имамы кітапхана ұжымына алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.



