preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысы Райымбек аудандық орталық мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.  Қайырымдылық акциясы барысында 21 отбасының оқушысына көмек көрсетілді.

Әр оқушыға шамамен 60 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалып, мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер алынды. Сонымен қатар балаларға спорттық киімдер мен мектеп формалары табысталды. Қайырымдылық шарасына Нарынқол ауылының әкімі Аманкелді Смайлұлы, ауыл ақсақалдары және Райымбек ауданының бас имамы Нұрсұлтан Бөлекбаев қатысты.  Ізгі бастамаға Дастан Ержекенов, «Ритм Строй Ком» ЖШС, «Нарынқол» қоры және «Зекет» қоры демеушілік көрсетті.

Алла Тағала қайырымды жандардың жасаған ізгі амалдарын қабыл етіп, еңбектеріне еселеп сауап жазсын!