preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында «Отбасы және неке» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Райымбек ауданында «Отбасы және неке» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Алматы облысы Райымбек аудандық «Отбасын қолдау орталығында» «Отбасы және неке» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға Райымбек ауданының бас имамы Бухарбеков Азамат Бексұлтанұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Омарова Балжан, орталық қызметкерлері және жаңадан үйленген 4 жас отбасы қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға бес минуттық тағылымды бейнеролик көрсетілді. Аудан имамы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2025 жылдың «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы болып жарияланғанын атап өтіп, тақырыпқа сай насихат айтты.

Сонымен қатар, әйелдер кеңесінің төрайымы Балжан Омарова өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін жеткізді. Ал орталықтың психологы жас отбасыларға арналған тренингтік ойындар ұйымдастырып, қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.