preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында рухани кездесу өтті

Райымбек ауданында рухани кездесу өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы мен Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің бас имамы Азамат Бексұлтанұлы Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылындағы Жастар ресурстық орталығында әскери қызметкерлермен кездесу өткізді.

«Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында өткен басқосуға шекара қызметінің әскери қызметкерлері қатысып, қоғамдағы адал еңбек пен жауапкершіліктің маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтылды.

Кездесу барысында Мадияр қажы Тағайбайұлы Ислам дінінде адал ризық табудың, елге қызмет етудің және Отан алдындағы міндетті абыроймен атқарудың үлкен сауапты іс екенін атап өтті. Сондай-ақ әскери қызметтің ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталып, шекара қызметкерлерінің еңбегіне ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы Бухарбеков жастар мен әскери қызметкерлерді адамгершілік құндылықтарды берік ұстануға, адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным етуге шақырды.