РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында қасиетті Рамазан айына дайындыққа арналған жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – мұсылман жамағатын Рамазан айына рухани және әлеуметтік тұрғыда дайындау, отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ Рамазан айында орындалатын іс-шараларды пысықтау болды.
Кездесу барысында:
Рамазан айының маңызы мен оның рухани құндылықтары түсіндірілді;
Отбасындағы сүйіспеншілік пен өзара құрметті арттыру жолдары қарастырылды;
Оразаға дұрыс дайындалу, денсаулыққа пайдасы және оны шынайы ықыласпен ұстаудың артықшылықтары талқыланды;
Рамазан айындағы дастарқанға ұлттық тағамдарға ерекше мән берілуі жүктелді.
Жиын соңында аудан имамдарына Рамазан айында атқарылатын маңызды тапсырмалар жүктеліп, мешіттерде ұйымдастырылатын іс-шаралар мен қайырымдылық жұмыстарын жүйелі түрде өткізу міндеттелді.