РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА «РАМАЗАН – ҚҰРАН АЙЫ» АТТЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ҚМДБ Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы «Маметалы» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айы қарсаңында «Рамазан – Құран айы» атты Құран жарысы өтті. Жарыс Құран Кәрімнің соңғы жарты парасы — Шамс пен Нас сүрелерін жатқа оқу бойынша ұйымдастырылды.
Іс-шараға Іле ауданының бас имамы Талғат Сүлейменов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс мешіт ақсақалының батасымен басталды. Қайырымдылық шарасы жомарт азаматтың марқұм әкесі Құдайбергенұлы Нұрлыбектің атынан өткізілді.
Жарысқа төрешілік жасағандар: Іле ауданының діни оқу-ағарту бағытына жауапты Сәкен Еншібайұлы, «Арын қажы» мешітінің ұстазы Хусниддин қари Акбаржанұлы және «Маметалы» мешітінің ұстазы Нұреддин қари Абдушукурұлы.
Додалы жарысқа «Маметалы» және «Жомарт» мешіттерінен 15 үміткер қатысты. Нәтижесінде:
-
І орын – Сәкен Сапарбайұлы (70 000 тг)
-
ІІ орын – Даулет Бекбосынұлы (50 000 тг)
-
ІІІ орын – Ерзат Қайратұлы (30 000 тг)
Шара соңында «Маметалы» мешітінің имамы Темірбек Пернебекұлы төрешілерге алғыс хат, ал қатысушыларға сертификаттар табыс етті.





