preloader

Жаңалықтар

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық жобасының кезекші шарасы өтті

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық жобасының кезекші шарасы өтті

Қасиетті Қадір түніне орай Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Рамазан қоржыны» атты ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікке Қадір түнінің маңызы жайлы насихат айтып, бұл мезгілді барынша пайдалы өткізуге шақырды.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.