preloader

Жаңалықтар

«Рамазан қоржыны» жобасы Жамбыл ауданында жалғасын тапты

«Рамазан қоржыны» жобасы Жамбыл ауданында жалғасын тапты

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Рамазан қоржыны» атты ізгі шараға Алматы облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.