preloader

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі – Алматы облысында

РАНТ мүшесі – Алматы облысында

Алматы облысына РАНТ мүшесі, Теміртау қаласының бас имамы Жанболат Жұматұрұлы арнайы келіп, бірқатар шараларға қатысты.

Алғашқы шара барысында Жанболат Жұматұрұлы Заречный елді мекеніндегі түзеу мекемесінде болып, жазасын өтеуші азаматтарға «Испытание это есть воспитание» деген тақырып аясында қазақ және орыс тілінде насихат айтты.

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің жамағатымен кездескеннен кейін, Жанболат Жұматұрұлы Қонаев қаласында орналасқан Орталық кітапхана және Мәдениет үйінің қызметкерлерімен жүздесіп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық – түсіндіру жұмысын жүргізді.

Сондай-ақ, РАНТ мүшесі Көпсалалық колледж студенттеріне жат ағымдардың зияны туралы айтып, Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін сақшы» бағдарламасында «Тәңіршілдік дін бе?» тақырыбы аясында сұхбат берді.