preloader

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі – Алматы облысында

РАНТ мүшесі – Алматы облысында

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі (РАНТ), «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы Алматы облысында іссапармен болды.

РАНТ мүшесі іс-сапарын түзету мекемесінен бастап, жазасын өтеуші азаматтармен топтық кездесу өткізді. Әбдімүтәлі Қайназарұлы «тағдыр» және «рух» мәселелері төңірегінде сөз қозғап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Осыдан кейін РАНТ мүшесі Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Имани гүл» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Жұмыс сапарының соңында Әбдімүтәлі Қайназарұлы Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің жамағатымен кездесіп, насихат айтып, салихалы ойларымен бөлісті.