preloader

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі «Нүсіпәлиев Әділжан Жылқыбайұлы» мешітінде болды

РАНТ мүшесі «Нүсіпәлиев Әділжан Жылқыбайұлы» мешітінде болды

РАНТ мүшесі, ҚМДБ-ның Шариғат және Пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Алматы облысына арнайы іс-сапары барысында Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Нүсіпәлиев Әділжан Жылқыбайұлы» мешітінің жамағатымен кездесті.

ҚМДБ-ның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қызмет атқаратын мешітте Елбек Тасболатұлы көпшілікке «Білімсіз пәтуа бүлік тудырады» деген тақырыпта уағыз айтты. РАНТ мүшесі қазіргі таңда арнайы арнайы білімі болмаса да, кез-келген мәселе төңірегінде пәтуа айтқыштардың көбейіп кеткенін тілге тиек етіп, жамағатқа діни сұрақтар туындаған жағдайда имамдарға жүгінуге кеңес берді.

Осыдан кейін РАНТ мүшесі аталмыш құлшылық үйінің жанындағы Қыздарға арналған діни сауат ашу мекемесіне барып, шәкірттерге әдеп, ахлақ мәселелеріне байланысты насихат айтты.