preloader

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі Қарасай ауданында болды

РАНТ мүшесі Қарасай ауданында болды

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Алматы облысына арнайы іс-сапармен келіп, Қарасай және Жамбыл аудандарында болды.

Іс-сапардың алғашқы күні РАНТ мүшесі С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің студенттеріне «Зиянды істерден аулақ болу» тақырыбында, «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттеріне «Білім алудың пайдасы» тақырыбында насихат айтып, ойларымен бөлісті.

Нұрлыбек Шакизадаұлы Шамалған қаласында орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбы аясында кездесу өткізіп, деструктивті ағымдардың зиянына кеңінен тоқталды.

Қарасай аудандық «Түркістан» мешітінің жамағатымен кездесу барысында Нұрлыбек Шакизадаұлы «Бидғат» тақырыбында уағыз-насихат айтты.