preloader

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі – Жамбыл ауданында

РАНТ мүшесі – Жамбыл ауданында

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Алматы облысына арнайы іс-сапарының екінші күнінде Жамбыл ауданында болды.

РАНТ мүшесі Бауыржан Момышұлы атындағы әскери бөлім сарбаздарымен кездесіп, «Суицид» және «Елді қорғау – барша мұсылманның міндеті» тақырыптары аясында насихат айтты.

Осыдан кейін Нұрлыбек Шакизадаұлы әдеби-мемориалдық мұражайына барып, жәдігерлермен танысып, Жамбыл атамыздың және аса көрнекті қазақ сазгері, күйші Нұрғиса Тілендиев ағамыздың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Жамбыл аудандық ауруханасында өткен кездесу барысында РАНТ мүшесі ақ халат киген абзал жандармен «Дін – ғылымның атасы» тақырыбында сұхбат жүргізіп, олардың қойған сұрақтарына тұщымды жауаптар берді.

Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жұма уағызын айтқан РАНТ мүшесі:

«Алла Тағала парыз еткен намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты ғибадаттардың барлығы белгілі тәртіп пен жүйеден тұрады. Олардың атқарылуы уақыты, өзіндік шарттары, парыз, уәжіп, сүннеттері бар. Бұның барлығы мұсылман үшін тәртіптің қаншалықты үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Мұсылман адамның жеке өмірінде, отбасында, қоғаммен байланысында да белгілі бір тәртіп болуы қажет. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген сөзінде үлкен мән мағына бар» деді.