preloader

Жаңалықтар

«Ратбек қажы» мекемесінде 76 шәкірт білім алуда

«Ратбек қажы» мекемесінде 76 шәкірт білім алуда

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында көтерген бастамалары Алматы облысында жалғасын табуда.

Атап айтар болсақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының рұқсатымен Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында орналасқан «Ратбек қажы» қайырымдылық мекемесінде 76 қыз шәкірт білім алуда.

Олардың 63-і Нұр-Мүбәрак университетінің алдын ала дайындық курсының білім алушылары болса, 13-і Құран жаттап жүрген жергілікті шәкірттер.